Академия туралы

SHOQAN ACADEMY

Image
"Shoqan Academy" тарихы

"Shoqan Academy" тарихы 2020 жылы, Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің ашылуы жылынан басталады. Сол кезден бастап мектеп базасында Республикалық маңызы бар әдістемелік алаңын құру идеясы пайда болды. Оның негізі – педагогикалық тәжірибелермен алмасу болып шешілді. Келесі үш жыл ішінде "Shoqan School" мектебі Қазақстан мұғалімдерімен таңдалынған интерактивті орталығына айналды: жыл сайын "Шебер Ұстаз Жолымен" атты Республикалық Жас мұғалімдер форумы өткізіледі; жыл сайынғы іс-шара "Shoqan Ecology" аттанған халықаралық жас экологтар форумы болады; қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері "Жаңа ұрпаққа – жаңашыл ұстаз" семинары аясында шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Математика мұғалімдері кафедрасының күшімен "Зерек Ұстаз" олимпиадасы және тағы басқалар өткізіледі. Сондай-ақ, осы бағытта жұмыс жасай келе, мектептің педагогикалық командасын қалыптастыру кезінде мектеп әкімшілігінің қандай қиындықтарға тап болғандығы – бізді табысты білім беру мекемелерін құру және дамыту үшін мектептегі білім саласында сапалы сараптамалық консалтингтік қызметтер көрсетуге бағытталған құрылымды құру қажеттілігіне әкелді.

2023 жылдың желтоқсан айында мектептің негізін қалаушылар Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышев "Shoqan Academy" консалтингтік орталығын ашу туралы шешім қабылдады. Орталықтың директоры болып 2020-2023 жылдары Shoqan School жеке мектебін басқарған Пак Олег Владимирович тағайындалды.

Миссия

Мектептегі білім:

біз оны жаңа деңгейге шығарамыз!

Бағыт

"Shoqan Academy" Қазақстанда және одан тыс елдерде мектепте білім беру саласындағы жетекші консалтингтік компания болып табылады. "Shoqan Academy" озық заманауи және дәстүрлі педагогикалық тәжірибелерді интеграциялау негізінде мақсатты оқу орындарын құруға ықпал етеді. "Shoqan Academy" – Сіздің кәсіби жетістігіңіздің кілті.

Құндылықтар
  • Сараптама: Мектептегі білім саласындағы терең тәжірибе.
  • Сапа: Еңбек жолында жоғары стандарттарға үздіксіз ұмтылу.
  • Ынтымақтастық: мұғалімдермен, мектептермен және білім беру ұйымдарымен серіктестікте жұмыс істеу.
  • Жауапкершілік: біздің клиенттеріміз бен қоғамымыз үшін ең жақсы нәтижелерге ұмтылу.
  • Қоғамға қызмет ету: біздің күш-жігерімізді қоғамның тұрақты дамуының негізі ретінде сапалы білім берумен қамтамасыз етуге бағыттау.
Адрес:
Қазақстан, Алматы, Достық 300/26
Телефон:
E-mail:
Phone