Біліктілікті арттыру курстары

Мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстары

Image
Курстар туралы ақпарат

Оқыту – бұл практикалық өнермен қатар көп қырлы кәсіп. Педагогикалық тәжірибе біздің жеке кәсіби жетістігіміздің және оқушыларымыздың жоғары академиялық жетістіктерінің кепілі – кірпіштеп қаланып, бірте-бірте басқан қадамнан қалыптасады. Бірақ шеберліктің шыңына жету сынақсыз, қателіксіз және қиындықсыз мүмкін емес. Және де бұндай қиындықтаран өту мұғалімнің жұмыс шығармашылығына қуаныш сыйлайды.

Shoqan Academy жаттықтырушылары өз курстарында сізге осы жолды бірге өтуді ұсынады: ұмытылған ескіні еске түсіру, бірге жаңа нәрсені үйрену, кейбір тақырыптарды үйренудің инновациялық әдістемесін әзірлеу, қосымша оқыту дағдыларын игеру және дамыту. Shoqan Academy жаттықтырушылары күн сайын Қазақстанның көптеген мұғалімдері секілді бірдей проблемаларға тап болатын жұмыс бабында жүрген мұғалім-тәлімгерлер болып табылады. Олардың бай тәжірибесі, өзіндік жоғары жетістіктері мен оқушыларының жеңістері бар.

Image
Курстардың бағдарламалары

Shoqan Academy-ның барлық курс бағдарламалары республика мұғалімдері арасында 41 мыңнан астам (41 113) респондент қатысқан толық сауалнаманы талдау нәтижелеріне сәйкес жазылған. Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламалары Қазақстан Республикасының Білім министрлігімен келісілген және курстың сертификаттары аттестаттаудан өту кезінде ескеріледі.

Phone