Өз балаларымызға қарай отырып, «ал біздің кезімізде...» немесе «біз өскенде...» деп кейде өз балалық шағымызды еске аламыз. Осылай келе, өзіміз қандай тәрбиелеуден өттік, сол жүйені жиі балаларымызға ойланбастан қолданамыз. Ал енді сол жүйенің көбісі оң іске аспағандықтан, өзімізді де, балаларымызды да төтенше күйзеліс жағдайға ұшыртамыз.
Не болып жатыр? Кім кінәлі? Не істеу керек?
Ата-ана мен балалар. Homo Sapiens и Homo Digital. Ата-ана мен балалар арасындағы түсініспеушіліктер қазіргі таңда классикалық бағыттан алшақ кетті. Себебі, бұл жолы екі арадағы алшақтық – бүкіләлемдік ғаламтордың салдары. Ол екі ұрпақтың арасын күн сайын алыстатуда.
Өзара қарым-қатынасымызда не болып жатыр? Балаларымыздың «тіл алмауы» кімнің кінәсі? Олардың денсаулықтары мықты, жандары бақытты болып өсуі үшін не істеу қажет? Мектеп пен ата-ана бір-біріне, ал ең маңыздысы ортақ балаларымызға қалай көмек бере алады? Балаларымыз бізге нені үйрете алады? Мүмкін, бұдан да маңыздылығы кем емес сұрақтар да бар шығар. Мысалға, Лига Плюща университеттерінің біріне грантқа түсуі үшін ата-аналар қандай әрекет жасау керек?
Біздің мамандардың дәрістері мен семинарлары осы сұрақтарға жауап іздеудің белсенді үдерісін қосуда. Оқушалырдың ата-аналарына SHOQAN ACADEMY ұсынған кестемен, бағдарлама тізімімен және мазмұнымен мұқият танысуларыңызды сұраймыз.