БІЗДІҢ САБАҚТАРЫМЫЗДЫ ОҚУШЫЛАР ҮШІН ҚАЛАЙ ҚЫЗЫҚТЫ ЕТУГЕ БОЛАДЫ?
САБАҚТАРЫМЫЗДЫ ҚАЛАЙ ТИІМДІ ЕТУГЕ БОЛАДЫ?
"Shoqan Academy" педагогикалық зерттеулер орталығы «Шебер Ұстаз» жобасының ашылуы туралы хабарлайды. «Шебер Ұстаз» жобасы – бұл мектептегі білім беру саласындағы үздік мұғалімдер мен жетекші мамандардың шеберлік-сағаттар сериясы. Жобаның ұраны: «Пәннен пәнге, тәжірибеден тәжірибеге!» Әрбір шеберлік-сағаттың мақсаты – мектеп мұғалімінің жұмысы үшін нақты әдістемелік құралдарды тығыздалған түрде беру. Сабақтар әр аудиторияда отыз адамнан тұратын шағын топтарда өткізіледі.