Жұмабеков Асхат Советханұлы

Image
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

Shoqan Academy директорының орынбасары, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы

2013 ж. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын (бакалавриат) бітірген

2014 ж. Қазақстан-Америка еркін университетін (магистратурасын) бітірген

2016 ж. Финляндиядағы JAMK University of Applied Sciences бітірді

2022 ж. "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КЕАҚ (PhD докторантурасын қорғауда)

Жалпы жұмыс тәжірибесі – 12 жыл

Биография

Жұмабеков Асхат Советханұлы 1989 жылы 5 шілде айында Семей қаласында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Семей мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсіп, оны үздік бітіріп, президенттік стипендияның үш мәрте иегері атанды.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі, PhD кандидаты. Сингапур, Финляндия, Чехия және Ресейде халықаралық тағылымдамадан өтті. Үш тілді жетік меңгерген ол 50-ден астам біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Жұмабеков А.С. – дарынды және шығармашыл мұғалім. Ол үшін – зерттеу қабілетінің дамуы барлық педагогика қызметінің мазмұны мен ұйымдастырылуын анықтайды. Үнемі кәсіби өсуге ұмтылатын, білім беруде жаңа технологияларды қолданып, педагогикалық тәжірибені жетілдіретін шығармашыл көшбасшы.

Жұмабеков А.С. – 3 кітаптың, 1 монографияның, 3 авторлық бағдарламаның, 10 авторлық құқықтың авторы, және де журнал мен газеттерде, материалдар жинақтарында, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Финляндия, Ұлыбритания және Украина жоғары оқу орындарының хабаршыларында жарияланған 50-ден астам ғылыми жұмыстар мен мақалалардың авторы. Республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының 100-ден астам жүлдегерлерін тәрбиеледі. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен ТМД мұғалімдерінің съезінде делегация құрамында болды.

Жұмабеков А.С түлектері –Stanford University, Georgia Institute of Technology, Hong Kong Polytechnic University, New York University, Carnegie Mellon University, Georgetown University, Eötvös Loránd University, Nazarbayev University және басқалар сияқты жетекші университеттердің стипендиаттары болып табылады.

Еңбек тәжірибелері

2012-2024 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарында жұмыс атқарды: 

2012-2022 жылдары Семей қаласының физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалында физика мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, физика пәнінің мұғалім-зерттеушісі; 

2022-2024 жылдары Алматы қаласының химия-биологиялық бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалында директордың оқу жөніндегі орынбасары, физика пәнінің мұғалім-зерттеушісі. 

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы. 

2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Shoqan Academy директорының орынбасары. 

Жүлделері

2014 жыл – Мерейтойлық төсбелгі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы;

2014 жыл – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасының Алғыс хаты;

2016 жыл – Ресей Федерациясы білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хаты;

2017 жыл – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасының Алғыс хаты;

2018 жыл – Ресей Федерациясы Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы;

2018 жыл – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның 20 филиалы арасында "Жылдың үздік мұғалімі-2018 " I орын иегері;

2018 жыл – Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің "Үздік педагог 2018" атағының иегері;

2019 жыл – Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы;

2019 жыл – «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысының Мерейтойлық медалі;

2019 жыл – Семей қаласы Әкімдігінің "Семей қаласының дамуына қосқан үлесі үшін" төсбелгісі;

2020 жыл – Оңтүстік Кореяның білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хаты;

2021 жыл – Әлемдегі ең-үздік 50 мұғалім Global Teacher Prize (Қазақстан тарихындағы алғашқы педагог);

2021 жыл – Тәжікстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хаты;

2021 жыл – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Алғыс хаты;

2022 жыл – Ресей Федерациясын ғылым және жоғары білім Министрлігінің Алғыс хаты;

2022 жыл – Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің «Ғылым және білім» бағытындағы «Жыл патриоты» атағының иегері;

2022 жыл – Global Teacher prize мұғалімдерінің Нобель сыйлығының Елшісі;

2023 жыл – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасы;

2023 жыл – Нобель Лауреаты Дипломының иегері;

2023 жыл – Global Teacher Prize және Билл Клинтон Қорының Алғыс хаты;

2024 жыл – Әзірбайжан Республикасы ғылым және білім Министрлігінің Алғыс хаты.

Қызығушылығы мен хоббиі

Блог жүргізу, спортпен айналысу, пауэрлифтинг.

Тәрбиелік кредосы

Қоғамның игілігі мен өркендеуіне ұмтыла отырып, еліме адал қызмет ету.

Phone