Эколог, «Сәби» қайырымдылық қорының президенті, Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектептің, және де Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының негізін қалаушысы.
Әсел Тасмағамбетова 1979 жылы Атырау облысы, Махамбетөңіріндедүниеге келген.
1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша білім алып, 2009 жылы Халықаралық тәуелсіз экология және саясаттану университетін «Экология және қоршаған ортаны басқару» мамандығы бойынша аяқтап бітірді.
2010-2014 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде экологиялық құқық бойынша дәріс берді. 2012 жылы студенттер тобымен бірге қоршаған ортаны қорғау саласында зерттеулер жүргізетін, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеудің жаңа әдістерін жасайтын және өнеркәсіптік нысандардың табиғатқа әсерін зерттейтінОрталық Азияэкологиялық зерттеулеринститутын (CAIER) құрды.
Каспий итбалығының популяциясын сақтаудың өзекті қажеттілігіне жауап бере отырып, Әсел Тасмағамбетова сирек кездесетін жануардың популяциясын қалпына келтіру мақсатында Ақтау қаласында Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығын құрды.
Әсел Тасмағамбетова – Каспий итбалығы популяциясын зерттеу бойынша халықаралық экспедициялар сериясын ұйымдастырушы болып табылады. Бұл деректер Каспий эндемигін 2020 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізуге негіз болды.
2019 жылы CAIER базасында Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы құрылды. Бұл Солтүстік Каспийдегі Каспий итбалығын емдеу, ветеринарлық қолдау және өсірумен айналысатын бір дана мекеме.
2002 жылы Әсел Тасмағамбетова жұбайы Кеңес Рақышевпен бірге «Сәби» қайырымдылық қорын құрды.
«Сәби» – Әсел Тасмағамбетованың өмірлік туындысы. Дәлірек айтсақ, бұл жоба Әсел үшін өміріндегі ең басты мақсаттарының бірі. Қор Қазақстан Республикасың әртүрлі категориялардан тұратын халыққа әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысады. Атап айтқанда, ұйым аз қамтылған балаларға білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Қордың тағы бір жаһандық бағыты – мүмкіндігі шектеулі адамдардың «өмірін жеңілдету». «Сәби» қайырылымдық қоры, атап айтқанда балаларға арналған медициналық мекемелерді техникалық және ұйымдастырушылық жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырды.
Ерлі-зайыптылар Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышев қордың құрылтайшылары ретінде іске асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалардың көптігімен жұбанады. Олардың ішінде: мүмкіндігі шектеулі адамдарға қала бойынша жүріп-тұруға көмектесуге бағытталған «Инватакси» бағдарламасы. Бағдарлама Қазақстан Республикасының 20 қаласында жүзеге асырылып, оған арнайы жабдықталған 62 техника іске қосылды.
Халықаралық техникалық стандарттарға сай жабдықталған бірнеше шұғыл балалар хирургиясы орталықтары салынды.
Бірқатар білім беру бағдарламалары, олардың студенттері (әсіресе интернаттар мен аз қамтылған отбасылар) еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына түседі.
Әсел Тасмағамбетова қазақ мәдениеті мен өнерін қолдап, олардың шетелде танымал болуына ықпал етеді. 2008 жылы «Сәби» қайырымдылық қоры және «Кристис» қайырымдылық аукционы Лондонда заманауи өнердің халықаралық көрмесін ұйымдастырды. Табылған миллионнан астам АҚШ доллары Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы ерекше мұқтажы бар адамдардың қажеттіліктеріне бағытталды.
2012 жылы Нью-Йоркте «Кристис» аукцион үйінің қолдауымен Әсел Тасмағамбетова қазақтың көне зергерлік бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Дәл осы шара аясында қайырымдылық аукционы өтті. Миллион доллардан астам кіріс дарынды қазақ жастарын қолдауға арналған «Әлем» атты бағдарламасын қаржыландыруға негіз болды.
2015 жылы Telli Gallery фотогалереясы ашылды. Көрме бағдарламасы жаһандық экология, адам руханияты мен сұлулық өзектілігіне бағытталған.
«Сәби» қорының 20 жылдық жұмысы барысында Әсел Тасмағамбетованың жетекшілігімен білім беру жобаларына ерекше көңіл бөлінді.
Солай, 2017 жылы жолдасы Кеңес Рақышевпен бірге Алматының Наурызбай ауданына № 174 мектеп-гимназиясын салып, қала тұрғындарына сыйға тартты.
Ал 2020 жылы ерлі-зайыптылар Шоқан Уәлиханов атындағы жеке меншік мектебін ашты, бұл мектеп 2021 жылы LEED халықаралық экологиялық стандартына сәйкес келетін ТМД-дағы алғашқы мектеп болып танылды.
Мектеп қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 1 мен 11-ші сыныптар аралығындағы оқушыға арналған 1320 орынды құрайды.
Оқу ғимараты үздік әлемдік стандарттарға сай келетін инновациялық инфрақұрылым мен білім беру мазмұнымен үйлеседі.
2013 жылы «Саби» қайырымдылық қоры «Өз бизнесіңді құр» байқауын бастады.
Бұл Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жас бизнесмендерге 10 000 АҚШ долларынан 100 000 АҚШ долларына дейін тегін гранттар беретін, олардың бизнесін ашуға және дамытуға көмектесетін Қазақстандағы жалғыз кәсіпкерлікті қолдау байқауы.
Әсел Тасмағамбетованың жетекшілігімен, сондай-ақ белгілі қазақстандық бизнесмендер мен меценаттар Кеңес Рақышев пен Вячеслав Кимнің қолдауымен байқаудың 10 жылішінде 80-нен астам қазақстандық жас кәсіпкерлер бизнесті дамытуға арналған гранттар түріндегі жалпы сомасы 2,2 млн. АҚШ долларынан астам өтеусіз қаржылық қолдау алды.
«Өз бизнесіңді құр» байқауының қолдауының арқасында жас бизнесмендердің 80 пайызы дамудың жаңа деңгейіне көтеріліп, табысты бизнес құруға мүмкіндік алды.
Әсел Тасмағамбетова өз елінің іскерлік өміріне белсенді қатысуға жат емес. Демек, ол Telli Kazakhstan биобутикінің иесі. Мұнда Әсел органикалық косметика өндіреді. Теллидің жеке дәмханасы, сұлулық салоны, дәріханасы және парфюмерия мен косметика сататын бөлімі бар. Telli салонының интерьері архитектуралық марапаттарға ие болды.
Әсел Тасмағамбетованың 6 ғылыми басылымы және 1 пайдалы модель патенті бар.
2016 жылы балалар медицинасы жүйесін дамытуға және балаларға арналған шұғыл хирургиялық бөлімшенің құрылысына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
Әсел Тасмағамбетоваға Семей қаласының құрметті азаматы атағы берілді.
2002 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Саби» қайырымдылық қорының президенті;
2002 жылдан бастап – «Сәби» қорының жұмысы аясында Қазақстан азаматтарына көмек көрсету мақсатында медициналық жобаны ұйымдастырды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек тұрақты негізде көрсетіледі;
2003 жылы – Қазақстанда бірқатар әлеуметтік жобаларды салып және жөндеуден өткізді. Осының аясында құрылыс жобасы іске қосылды;
2007 жылы – Қазақстандағы балалар спортының қолжетімділігін қолдау жобасын ұйымдастырды: осының негңзңнде Қазақстанның 14 облысында балалар спорт алаңдары салынды;
2008 жылы – «Телли» табиғи косметикалық бутигін құрды;
2009 жылы – Қазақстандағы мүгедектерге еркін жүріп-тұруға мүмкіндік беретін «Инватакси» жобасын іске қосты;
2010-2014 жылдары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде табиғатты қорғау құқығы бойынша дәрістер оқыды.
2010 жылы – «Әлем» атты Қазақстанның дарынды жастарын қолдау бағдарламасы ұйымдастырды;
2012 жылы –Орталық Азияэкологиялық зерттеулеринститутын құрды;
2012-2014 жылдары – Астана қаласының Ұлттық медициналық холдингінің «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-ның директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесіндегі қызметін атқарды;
2013 жылы – Қызылорда қаласындағы балалар үйі қайта құрды;
2013 жылы – жұбайы Кеңес Рақышевпен және басқа да меценаттармен бірге Қазақстанның жас кәсіпкерлерін қолдау мақсатында «Өз бизнесіңді құр» байқауын құрды;
2017 жылы – жұбайы Кеңес Рақышевпен бірге Алматы қаласына №174 орта мектепті салып, сыйға тарту етті;
2017 жылы – балалар үйінің түлектеріне арналған «Мейірім» атты жасөспірімдер үйін салды;
2017-2021 жылдары – Алматы, Семей, Петропавл, Ақтау қалаларында 4 жедел балалар хирургиясы бөлімшелерін салып, оларды жабдықтады.
2019 жылы – Қазақстандағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту бойынша бірінші және дана орталығын құрды.
2017-2021 жылдары – Каспий итбалығы популяциясын зерттеу және сақтау бойынша 5 халықаралық экспедиция ұйымдастырды;
2020 жылы – жұбайымен бірге Шоқана Уәлиханов атындағы жеке меншік мектебін салды.
2021 жылы – «Домбыра дастаны» балалар республикалық байқауын ұйымдастырды.