Рақышев Кеңес Хамитұлы

Image
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

Табысты кәсіпкер, меценат, қоғам қайраткері, халықаралық венчурлық инвесторы, Қазақстан бокс федерациясының Құрмет Президенті, Қазақстанның жас кәсіпкерлері Қауымдастығының Төрағасы, ҚР сыртқы істер Министрінің Штаттан тыс кеңесшісі, Fincraft Resourses директорлар кеңесінің төрағасы ("SAT & Company" АҚ), «Сәби» қайырымдылық қорының және «Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектептің» негізін қалаушысының бірі.

Биография

Рақышев К.Х. тау-кен және металлургия саласындағы инновациялық жобалар мен серпінді технологиялардың демеушісі.

Қазақстанның қоғамдық өміріне белсенді қатыса отырып, медицина, білім, спортты дамытудағы, экологияны қолдаудағы және жас кәсіпкерлерге көмектесуге бағытталған жобаларды үнемі қаржыландырады.

Рақышев К.Х. 1979 жылы, шілде айының 14-ші күні, Алматы қаласында дүниеге келді.

2000 жылы «Қазақ Мемлекеттік заң академиясын» (КазГЮА) оқып шықты.

2002 жылы «Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін» бітірді.

2007 жылы “Oxford Saïd Business School” халықаралық бизнес мектебінің «Үздік деңгейдегі Басқарым» пәні бойынша дипломын, сонымен қатар, “London Business School” мектебінің «Құндылықтарды құру стратегиясын әзірлеу» пәні бойынша сертификатын иеленді.

Қолдаушылық

Кеңес Рақышев 2002 жылы жұбайы Әсел Тасмағамбетовамен бірге «Сәби» қайырылымдық қорын құрды.

«Сәби» қайырылымдық қоры 22 жыл ішінде медициналық, білім беру және спорт салаларында ондаған жүйелі ауқымды әлеуметтік маңызы бар жобаларды, сонымен қатар, елдің бейкоммерциялық секторлардың жан-жақты дамуы мен кәсіби өркендеуі мақсатындағы жобаларды іске асырды.

Қазақстан аймақтарына балалар хирургиясының жедел жәрдем бөлімшелерін салудан бастап, балалар үйлерін, ойын алаңдарын, робототехника орталықтарын қалап, сондай-ақ қазақ тілі мен мәдениетін дамыту жобаларына қолдау көрсетіп келеді.

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кәсіпкерлер Кеңес Рақышев пен Вячеслав Кимнің қолдауымен "Сәби" қайырылымдық қоры жыл сайын жас кәсіпкерлер үшін «Построй свой бизнес»(Өз бизнесіңді құр) конкурстарын өткізіп тұрады. Конкурстың 10 жыл ішінде 80-нен астам қазақстандық жас кәсіпкерлер бизнесті дамытуға арналған гранттар түріндегі жалпы сомасы 2,2 млн. АҚШ долларынан астам өтеусіз қаржылық қолдау алды.

Рақышев К.Х. жұбайы Тасмағамбетова А.И.-мен бірге Алматы қаласының халқы тығыз орналасқан Наурызбай ауданына көлемі 1200 оқушыға есептелген жаңа мектепті салып, оны қала тұрғындарына сыйға тарту етті.

Рақышев К.Х. «Береке» қоғамдық қорының меценаты да болып табылады. Қор халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарымен: қиын өмірлік жағдайға тап болған күнкөрісі төменотбасылармен, жесірлер мен жетімдерге, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетеді.

2016 жылы К.Х. Рақышевтың қаржылық қолдауымен күресуге арналған төрт жұмсақ орынды залы, жаттығу залы, жатақханасы және жүз адамға арналған асханасы бар Дзюдо академиясы салынды.

2018 жылы Кеңес Рақышев жұбайы Әсел Тасмағамбетова екеуі Шоқан Уәлиханов атындағы Жекеменшік мектебін қалады. Мектептің басты мақсаты – үздік әлемдік стандарттарға сай келетін қуатты инфрақұрылым мен білім беру мазмұнын құру. Мектептің негізгі миссиясы – әлеуметтік табысты жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Пандемия кезінде Кеңес Рақышевпен бірлесіп құрған «Сәби» қайырымдылық қоры халыққа көмек ретінде 1 131 956 033 теңге жұмсады;

2020 жылы Кеңес Рақышев «Біргеміз» қоғамдық қорына 1 миллион АҚШ долларын қайырылымдықпен сыйға тарту етті.

2022 жылы жұбайы Әсел Тасмағамбетовамен бірге Кеңес Рақышев Қазақстан халқы қорына 1 млрд теңгені аударды.

2015 жылы Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін Рақышев Кеңес Хамитұлы "Құрмет"орденімен марапатталды.

2024 жылдың қаңтарын айында Рақышев К.Х. Shoqan Academy – білім беру саласындағы жеке консалтингтік компанияны құруға инвестиция салды. Бұл академия үздік әлемдік тәжірибелер негізінде білім беру саласында педагогикалық және басқарушылық кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелеріне жетекшілік ететін ұйым болады.

2024 жылдың ақпан айында Кеңес Рақышев ғылым және жоғары білім Министрі Саясат Нұрбекке қазақ тілін үйренуге арналған бірегей қосымша жасауды ұсынды. Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге кеткен барлық қаржылық шығындарды кәсіпкер өз мойнына алатынын айтты.

Phone