"Shoqan Academy" мектептегі білім берудің барлық мәселелері бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады. Академияның ең өзекті ұсыныстарының бірі - "Бригада" және "Школа под ключ".
"Бригада" өнімі мектеп басқармасын тиімді үйлестіруге және пәндердің оқыту деңгейін арттыруға ұмтылатын мектеп әкімшілігі мен қалаушыларына арналған. Бұл өнім мектепті басқару, математика, ағылшын тілін оқыту және бастауыш мектептегі оқу процесін талдау сияқты әртүрлі бағыттар бойынша мектептің жұмысына сараптамалық баға береді. Бағалау мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерінің бір жұмыс аптасындағы практикалық қызметін бақылау негізінде жүзеге асырылады. Бұның нәтижесі - мұғалімдердің таңдалған бағыттары бойынша педагогикалық шеберлік деңгейінің өсуі, білім берудегі жаңа технологияларын игеру, мектептің стратегиялық және тактикалық дамуы бойынша ұсыныстарды иелену болып табылады.
«Школа под ключ» өз мектебін ашқысы келетін инвесторларға арналған ұсыныс. «Shoqan Academy» мектепті ашудың барлық кезеңдерінде, ғимаратты таңдаудан бастап мектеп жұмысының бірінші тоқсанынының соңына дейін консультациялық қолдау көрсетеді. Ғимараттың және оның орналасқан аумағын ҚНжЕ сәйкестігіне сай және оқу процесін жоғары деңгейде ұйымдастыру мүмкіндігіне сараптамалық бағалау 1-2 жыл ішінде жүргізіледі. Тапсырыс беруші мектептің тиімді жұмыс істеуіне кепілдік беретін дайын үлгіні алады.
Осылайша, “Shoqan Academy” жұмыс істеп тұрған мектептерге әдістемелік көмек көрсетіп қана қоймай, енді ғана өз оқу орнын ашуды жоспарлап отқан демеушілерге жан-жақты қолдау көрсетеді. Бізбен бірге сіздің мекемеңіз жетістікке жетіп гүлденеді!