Пак Олег Владимирович

Image
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

1992 жылы Новосибирск мемлекеттік университетін бітірді

Жұмыс тәжірибесі – 32 жыл

Пак Олег Владимирович 1970 жылы наурыз айында Талдықорған қаласында дүниеге келген. Сол қаланың В.И. Ленин атындағы мектебінің оқушысы бола, мектеп жылдарында нақты ғылымдарға ерекше қызығушылық танытып, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатыса бастады. 1987 жылы мектепті алтын белгімен бітіріп, Новосибирск мемлекеттік университетіне "Математика" факультетіне оқуға түсті. 1988-1989 жылдары Кеңес Армиясы қатарында "Жалпы әскери барлау" мамандығы бойынша мерзімді қызмет атқарды.

Биография

Жоғары оқу орнын аяқтай салысымен Талдықорған қаласына оралып, еңбек жолын Талдықорған қаласының № 20 мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі ретінде бастады (1992-2006 жж.). 2006 жылы республикалық және халықаралық олимпиадалардың көрсеткіштерін жақсарту мақсатында О.В. Пак Алматы қаласының Білім Департаментімен № 134 мектеп-лицейіне математика мұғалімі ретінде шақырылды. Жұмыс жылдары бойы О.В. Пак халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарының 80-нен астам жүлдегерлерін тәрбиеледі.

2015 жылы О.В. Пак Алматы қаласының НЗМ ФМБ-н басқарды. 3 жыл ішінде мектепті Қазақстанның барлық мектептерінің көрсеткіші арасында Республикалық олимпиаданың нәтижелері бойынша 1-ші орынға, сондай-ақ барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінің арасында халықаралық емтихандарды тапсыру нәтижелері бойынша да 1-ші орынға шығарды.

2018 жылы О.В. Пакты К.Х. Рақышев пен А.И. Тасмағамбетова жаңа жеке мектеп құру бойынша "Samal Bilim" жобасын басқаруға шақырды. 2 жылдық дайындық нәтижесінде "Шоқан Уәлиханов атындағы Жекеменшік мектеп" салынып іске қосылды. Мектеп алғаш рет өз есігін 2020 жылдың 1-ші қыркүйегінде ашты. О.В. Пак бұл мектептің директоры аталынып, қызметін 2023 жылдың желтоқсанына дейін атқарды. Үш жарым жыл ішінде Shoqan мектебі академиялық, тәрбиелік, спорттық және басқа да көрсеткіштері бойынша Республикадағы ең жақсы жекеменшік мектептердің біріне айналды.

О.В. Пак "Алгебра және анализ бастамалары – 10 сынып" және " Алгебра және анализ бастамалары – 11 сынып." оқулықтарының авторы. Бұл оқулықтар Қазақстан Республикасының Білім министрлігімен 2014-2015 жылдары мектеп пәндеріне ұсынылған. "Ұлы Жібек жолы бойынша" халықаралық полиграфиялық көрмесінде "Алгебра және анализ бастамалары – 10 сынып" атты оқулығы "үздік оқулық" номинациясы бойынша Гран-при жүлдесін алды.

Еңбек қызметі

1992-2006 жж.. – Талдықорған қаласындағы №20 мектепте математика пәнінің мұғалімі, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары және директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;

2006-2015 жж.. – Алматы қаласы №134 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі;

2015-2018 жж.. – Алматы қаласындағы НЗМ ФМБ-ның директоры;

2018-2020 жж.. – "Samal Bilim" ЖШС директоры;

2020-2023 жж.. – "Самал Білім" ЖШС "Шоқан Уәлиханов атындағы Жекеменшік мектеп" ЖШС болып өзгертіліп, мектеп директоры қызметін атқарды;

2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - "Shoqan Academy" директоры.

Марапаттар

2000 – "Білім үздігі" төсбелгісі.

2000 – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолы қойылған" Алғыс хат".

2001 – "ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі.

2005 – Алматы облысы әкімінің Алғыс хаты.

2006 – Алматы қаласы білім департаментінің "қаланың білім беру жүйесіндегі мінсіз шығармашылық еңбегі үшін" Құрмет грамотасы.

2006 – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің РҒПО "Дарын"-нан Алғыс хат.

2007 – "Білімнің құрметті қызметкері" төсбелгісі.

2007 – Алматы қаласы мәслихатының Алғыс хаты.

2008 – "Қазақстандағы Жыл мұғалімі" номинациясы бойынша "Алтын Адам – Жыл адамы"сыйлығының лауреаты.

2009 – ҚР Тұңғыш Президентінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Жарлығымен "мемлекет алдындағы еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін" ҚР Құрмет грамотасымен марапатталды.

2011 – "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі.

2013 – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты;

2013 – Вице-министр М. Әбеновтің "олимпиада қозғалысына адалдығы үшін-2013" номинациясы бойынша марапаты.

2014 – "Үздік педагог" төсбелгісі;

2014 – Алматы қаласы білім департаментінің "өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қол жеткізген нәтижелері үшін" Құрмет грамотасы.

2022 – ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың Алғыс хаты.

Еңбек қызмет жолында 100-ден астам сертификаттар мен алғыс хаттарға иеленген.

Қосымша мағлұматтар

О.В. Пак математика мұғалімдері арасындағы республикалық олимпиадалардың жеңімпазы болып табылады, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарының 200-ден астам жүлдегерлерін және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстардың 85 жүлдегерлерін даярлаған, IELTS 6.5 сертификатына ие және қазақ тілін ауызекі тілде біледі.

Бос уақытында балық аулауғанды, кітап оқығанды, шахматта және гитарада ойнауды жақсы көреді. Ол сондай-ақ, TAEKWAN-DO бойынша қара белбеудің (2 дан) иегері.

Педагогикалық ұстанымы

"Болған жеріңде, бар нәрсеңмен, қолыңнан келгенше жаса" (Теодор Рузвельт).

Phone